ЖаңалықтарМедицина
Атырауда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды
Atr.kz/6 тамыз, 2020 жыл. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыздан кейін жоспарлы медициналық тексеріс жалғасатын болады.
«Жасы алтыға толған балалардың денсаулығын тексеру карантин кезінде тоқтатылған еді. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы вакциналары қайта салына басталды.
Карантин режимі аяқталғаннан кейін 6 жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына дайын отыруы керек», — дейді №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.