0 43

Атырауда алты оттегі стансасы салынып жатыр (+ВИДЕО)

ATR.TV COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина

atr.kz/18 қыркүйек, 2020 жыл«Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров айтты» деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.


«Атап айтқанда, ​ облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.


Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр.


Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған