Атырауда алғаш рет мемлекеттік қызметшілер арасында «Дәстүрден тағылым» атты QUIZ өтті
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған интеллектуалды ойынға 24 команда қатысты деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кең ауқымды QUIZ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилілігімен қатар жан-жақты қырларын ашып, интеллектуалдық ой-өрісін кеңейту — іс-шараның маңызы болды.
Қатысушылар алты кезең бойынша бақ сынады. Олар салт-дәстүрімізден бастап, мемлекеттік қызмет, саясат, ұлы тұлғалар, тарих, қазақ және әлем поэззиясы мен спорт, музыка, кино туындылары бойынша сан алуан сұраққа жауап тауып, сурет және аудио нұсқада берілген сөзжұмбақтарды шешті.
Нәтижесінде Исатай ауданы әкімдігінің «IQ» құрамасы І орынды иеленді. Ал Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Құрманғазы қырандары» командасына жүлделі ІІ орын бұйырса, Мақат ауданы әкімдігінің «Тас кешу» командасына ІІІ орынға қол жеткізді. Жүлделі орын иегерлеріне арнайы кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушы командалар «Алғыс хатпен» марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Марапаттау рәсіміне Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи және Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова мен департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов қатысты. Олар қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.