Атырауда әлеуметтік желі арқылы жұмысқа орналастырып беремін деген алаяқ тұтқындалды
Атырауда «Anti-fraud» іс-шарасы кезінде 20 сәуір күні Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері, жұмысқа тұрғызамын деп халықты сан соқтырған алаяқты ұстады.
«1991 жылғы Шымкент қаласының тумасы, «Telegram» әлеуметтік желісі арқылы 2 жәбірленушіге «COC Reality» ЖШС — жұмысқа орналастырып беремін деп 140000 мың теңге ақша қаражаттарын алаяқтық жолмен иемденген. Қазіргі таңда, аталған дерек негізінде ҚК-тің 190 — бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп — тексеруде. Өзге ақпарат ҚПК- нің 201- бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3- тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.