Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда агросекторға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген

Атырауда агросекторды дамытуға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Алайда, жыл басталғалы бері Атырауда шаруагерлер тарапынан субсидияға өтінімдер түспеген» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, агросекторды дамыту мақсатында биыл Атырау облысында жергілікті және республикалық бюджеттен 2 млрд. 539 млн. теңге қаражат бөлінді.

«Оның ішінде, 1 млрд. 50 млн. теңге мал шаруашылығын дамытуға, 320 млн. теңге егін шаруашылығын дамытуға, 720 млн. теңге инвестициялық шығыстардың бір бөлігін өтеуді мақсат етіп отыр.

Сусидиялау мәселесінде бірқатар проблемалар бар. Осы мәселелерді шешу мақсатында елімізде субсидиялаудың негізгі ережелері мен қағидаларына өзгерістер енгізу жайы қаралуда. Осы ретте Атырау облысынан ұсыныстар жолданды. Наурыздың аяғына дейін жаңа өзгерістер енгізіледі деп күтілуде» деп атап өтті спикер Амангелді Саламат.

Еске сала кетелік, Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласында 3200-ге жуық заңды және жеке тұлғалар тіркелген. Оның ішінде, жартысына жуығы нақты кәсіппен айналысып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button