Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі» өтті

Атырау облысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды шара — «Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі» ұйымдастырылды. Облыстың әдеп жөніндегі уәкілдері қатысқан іс-шараны Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментімен және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлесіп өткізді.

6a6897e6 a148 4c5d 8c8d 88132d2e9dd0

Бұл білім беру платформасының негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру, тұлғааралық қатынастағы кәсіби дағдыларды жетілдіру, арандатушылық әрекеттерді тану тәсілдерін меңгерту және журналистермен, блогерлермен сындарлы диалог орнату жолдарын үйрету. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің беделін қорғау, қоғаммен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату басты назарда болды.
Жиын барысында әдеп жөніндегі уәкілдердің жемқорлықтың алдын алудағы орны мен жауапкершілігі кеңінен талқыланды. Спикерлер ретінде Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Аяжан Мәдібекова, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев және облыс әкімінің аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова сөз сөйледі.

5a391298 949c 4242 befc eca58f53a28f

Баяндамашылар әдеп жөніндегі уәкілдердің тек бақылаушы ғана емес, сонымен қатар қызметтік әдеп қағидаттарын күнделікті жұмыс тәжірибесіне енгізуші тұлға екенін атап өтті. Олар уәкілдердің жемқорлық көріністеріне жол бермеу, этикалық тәуекелдер мен мүдделер қақтығысын реттеу жолдарын жетілдіру қажеттігін баса айтты.
— Әдеп жөніндегі уәкіл мектебі — бұл тек оқыту алаңы емес. Бұл — уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құрал болуына жағдай жасайтын, бірлесіп шешім табатын орта. Біз үшін уәкілдер — этикалық мәдениетті орнықтыратын сенімді серіктестер, — деді департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.
Шара соңында өңірлерде әдеп жөніндегі уәкілдер институтын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу ұсынылды.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button