Атырауда 6000-ға жуық түлек ағаш екті
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елімізде «Түлектердің ағаш отырғызу» республикалық эко-челленджі басталды.
Оған Атырау облысының 5964 мектеп бітіруші түлегі қатысты.
Астанадан елордалық оқушылардың Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен бастаған челленджін атыраулық оқушылар жалғастырды.
Салық Зиманов атындағы №37 мектептің 54 түлегімен бірге облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева көшеттер екті.
-Биыл елімізде бастау алған челлендждің мағынасы зор. Сүйікті мектебіміздің ауласын көгалдандырып, жеміс ағаштары мен гүлдер отырғыздық. Талдар тереңге тамыр жайып, жылдар салып алтын ұямызға оралғанда көз алдымызда жайқалып тұрсыншы деп тілейміз, — дейді аталған мектептің XI сынып оқушысы Мирас Жасұланов.