Жаңалықтар
Атырауда 60 бас жылқы малы қауіпсіз жерге шығарылды
Атырау облысында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан 17 бекет тұсында тасыған өр суының ортасында қалған 60 бас жылқы малын қауіпсіз жерге шығарды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, құтқарылған жылқы малының 10-ға жуығы құлын.
Құтқару жұмыстарына 5 құтқарушы, 1 қайық, 1 техника жұмылдырылды.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ