
ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырау көшелеріне жалпы құны 38 миллион теңгеге әжетханалар орнатылуда
Atr.kz/2 мамыр, 2020 жыл. «Мұнайлы астанада» көше дәретханалары атымен болған емес. Бұған шетелдік инвесторлар аузын ашып таңқалатын. Енді биыл бесеуі қондырылуда.
Екеуі Жеңіс саябағы мен орталық Исатай-Махамбет алаңына қойылуда. Қалғаны әзірге белгісіз. Бұлар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы, пандустары бар.
Ал, оларды кім күтіп-ұстайды және ақылы бола ма, жоқ па, алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе. Егер сұраныс артса, саны көбейтілмек.
Нұрғиса САРСЕНҒАЛИ
Сурет: Atpress.kz