Атырауда 350-ге жуық адам бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
Atr.kz/13 тамыз, 2019 жыл. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Жастар күніне орай ұйымдастырылды,деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз — қызметі.
Бүгін, 13 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында жыл басынан бері төртінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 350-ге жуық жұмыссыз журген тұрғын қатысты. 228 бос жұмыс орнын 12 компания мен жеке ұйымдар ұсынған болатын.
— Жыл басынан бері төрт жәрмеңке өткіздік. Алғашқы үш қалалық жұмыспен қамту орталығы 1000-нан астам жұмыс орнын ұсынып, 186 азамат тұрақты жұмыс тапты,- дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Айдана Ғалиахметова.
Айта кетейік, жәрмеңкеге келгендердің ішінде бұрын сотталғандар 15 азамат, өз мерзімін өтеген және пробациялық бақылауда тұрған азаматтар да болды.
— Жәрмеңкеге қатысушы барлық тұрғындар белгілі бір тәртіппен түйіндемелерін тапсырды. Одан кейін олар әңгімелесуге шақырылып,қорытындысы бойынша жұмысқа орналасады,-дейді Айдана Ғалиахметова.
Олардың барлығы электронды еңбек биржасында тіркелген, онда жұмыс берушілер оларға тұрақты түрде өз бос жұмыс орындарын ұсынады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз азаматтар қайта оқыту курстарынан өтіп, қосымша мамандық ала алады.