Жарнама
Жаңалықтар

АТЫРАУДА 3000-НАН АСТАМ ДӘРІГЕР, МЕЙІРБИКЕНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Атырауда 900 ден астам дәрігер, 2700 ден астам мейірбике, фельдшерлер жалақысы 30 пайызға өседі.

2019 03 12 121628145500

“Бұған дейін елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы 90 мың теңге болса, енді орташа жалақы 140 мың теңге болады. Мейірбикелер орташа есеппен 70 мың теңге алып келген болса, енді 99-100 мың теңге аралығында жалақы алатын болады” деп нақтылады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауға ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация келді. Жұмысшы топтың құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Бекболатұлы бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button