
Жаңалықтар
Атырауда 30-ға жуық тұрғынға тегін құқықтық кеңес берілді
Атырауда облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және “Құқықтық-ақпараттық кеңес беру” орталығының ұйымдастыруымен “Сенің құқығың – сенің қорғаның” атты кеңес беру шарасы өтті. Акция “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында өтіп, тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шараға Әділет және Полиция департаменттері мен орталық мамандары қатысып, 30-ға жуық тұрғынға еңбек, несие, тұрғын үй, жер даулары және алимент өндіру мәселелері бойынша кеңес берді.
- “Құқықтық-ақпараттық кеңес беру” орталығы екі жылдан бері тұрақты негізде қызмет етіп келеді. Орталық тек қала аумағында емес, барлық аудан бойынша көшпелі қызмет көрсетеді. Мамандар оқу орындары, емханалар мен халық көп шоғырланған сауда орындарында жиі кездесу ұйымдастырып, азаматтарға тегін құқықтық бағыт-бағдар беріп жүр,- деді Ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Жанар Ілиясова.
Жыл басынан бері орталықтың көмегіне жүгінгендер саны 2 500-ден асты. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар жалғасып, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың қамтылу аясын кеңейту көзделіп отыр.