Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 25 мың адам жұмыспен қамтылмақ (+ВИДЕО)

https://youtu.be/YJqYmSS2l78

Аtr.kz/16 мамыр, 2019 жыл. Атырауда 25 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА осы жылдың алғашқы төрт айында салада атқарылған жұмыстардың жайын баяндады.

Есепті мерзімде жұмыспен қамту орталықтарына 8 746 адам хабарласып, олардың 5 735-і жұмыспен қамтылған. Жүргізілген мониторинг қорытындылары облыста жаңадан 5 288 жұмыс орны ашылғанын көрсетсе, оның 3 784-і тұрақты  болып табылады. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту орталықтарының көмегіне жүгінген 3 461 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға, 293 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 336 түлек «Жастар тәжірибесі» жобасымен жұмысқа тартылған. Биылғы жылдың соңына дейін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының «Еңбек» бағытымен барлығы 25 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 2 841 отбасындағы 16 305 азаматқа жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның көлемі 269,9 млн.теңгені құрады. Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін 647 отбасына тұрғын үй көмегі (17,1 млн.теңге) көрсетілді. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 355 мектеп жасындағы балаға 8,2 млн.теңге сомасында материалдық көмек берілді. Мұның сыртында, жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 2 422 адамға 8,2 млн.теңгенің қаржылай көмегі ұсынылды.

Бүгінгі таңда облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы саны 21 744 болса, оның 1 727-сі – бірінші, 9 402-сі екінші және 7 274-і – үшінші топ мүгедектері. Ал, бұл санатқа кіретін балалардың саны 3 341-ді құрайды. Қазіргі уақытта мүгедектер үшін облыста бір сауықтыру және үш әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамту, шетелдік жұмыс күшін тарту бағытында да жүзеге асырылған жұмыстардың аз еместігі аңғарылды. Осылайша, мүгедектерге жыл басынан 777 жана тифлотехникалық құрал, 312 сурдотехникалық құрал және 180 арба алынып берілсе, 17 000 шетелдік маманды жұмысқа  тартуға кваота бөлінген. Сол  сияқты, 28 қазақстандық маман кәсіби біліктілігін арттыру курстарына жіберілсе, 35-сі қайта даярлықтан өткізілген.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button