Атырауда 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады

2022 03 10 b9f1ae291ea0983afdbce6dd8b5b4c45 Жаңалықтар

Атырауда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілуде.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, облыс бойынша 188 жобаға несие бөлу арқылы, 199 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Қазіргі уақытта осы мақсатқа 1 млрд. 504 млн теңге қаржы қарастырылып отыр. Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша 1500 -ден астам тұрғын кеңес алды. 64 өтінім түсіп, оның 17-сі мақұлданды. Нәтижесінде 18 жұмыс орны ашылады. Өтінімдер жыл соңына дейін қабылданады», – деп жазды облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм парақшасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз