Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 200-ге жуық отбасы жаңа қонысқа көшті

Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, апатты жағдайдағы «Достық-1», «Геолог» ықшамауданындағы №65 және 66-жатақханалардың, Бірлік ықшамауданында орналасқан АТП-3 мекенжайының тұрғындары жаңа пәтерге ие болды.

Сөйтіп, 200-ге жуық отбасы «Береке» ықшамауданында бой көтерген жаңа тұрғын үйге қоныс аударды. Жаңа пәтерлер тұрғындардың жекеменшігіне беріледі.

  • «Көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып келдік. Енді міне, жатын және ас үй бөлмелері кең пәтеріміз ұнады. Мұнда кіреберісте де тұрмыстық заттар үшін орын қарастырылған. Жаңа пәтер алғанымызға қуанып тұрмыз» — дейді қала тұрғыны Нұрсұлу Құспанова.

Бөлім мамандарының айтуынша, Атырауда апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақханалардың тұрғындарын көшіру кезең-кезеңімен іске асуда. Мәселен, өткен жылы А.Құнанбаев №13, Достық №14 және Ж.Досмұхамбетов, М.Әуезов көшелеріндегі 2 жатақхана мен №22 үйдің тұрғындары көшірілген. Ал биыл жыл басында АТП-1, АТП-2 мекенжайындағы 2 үйдің тұрғындары да жаңа баспанаға қол жеткізген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button