Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 153 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтініш берді

Atr.kz/21 тамыз, 2019 жыл. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан өтініштер қабылдау жалғасуда.

29 шілде мен 5 тамыз аралығында қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімімен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында ҚТҚЖБ желісі арқылы «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 153 өтініш қабылданды.
_
Бағдарлама шартына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде есепте тұрған келесі азаматтар: төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, жоғарғы оқу орындарында, колледждерде және басқа оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғандағы көпбалалы отбасылар; кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем емес); отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар қатыса алады.
_
Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, бағдарламаға көпбалалы отбасылар мен толық емес отбасылар,сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған отбасылар қатыса алады.
_
— Бірінші кезекте бағдарлама жалға алынған тұрғын үйде, туысқандарында тұратын халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға бағытталған. Ұзақ уақыт бойы өз баспанасын алуға қаражат жинай алмай жүргендерге. Басты талап-отбасы табысы аз болуы керек, отбасының бір мүшесінің табысы 42 500 теңгеден төмен болуы тиіс. Кезекте тұрғандар тізімінде алғашқы жарнасын жинау қиын болған адамдар тұрады. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй 19 жылға жылдық 2% — бен беріледі. Бастапқы жарна тұрғын үйдің жалпы құнының 10% құрайды, дейді қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының басшысы Рафхат Жолдиев.
_
🏫»Бақытты отбасы» ипотекасы аясында алғашқы және екінші тұрғын үй алуға болады. Осылайша, жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша ипотекалық қарыз алу үшін өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке баспанасы болмауы тиіс.
_
📌Қажетті құжаттар тізімі:
✔Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
✔Неке туралы куәлік (неке бұзу туралы, әкесі деп тану туралы, №4 нысан),
✔Туу туралы куәлік (тұпнұсқа және көшірмесі),
✔Мекен-жай анықтамасы (барлық отбасылар мүшелеріне);
✔Мүгедектігі туралы анықтама;
✔Меншік құқында тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама;
✔соңғы 6 ай жұмыс жасағандығы жөнінде анықтама;
✔зейнетақы қорына соңғы 6 айға аударылған жарналар анықтамасы.
🔴🔵
Құжаттарды қабылдау бойынша мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а, №3 терезе.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related Articles

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button