Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 15 қыркүйектен бастап жолақы төлем картасымен қабылданады

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл. Қала халқының сұранысы бойынша қоғамдық көліктерде картамен төлем жасау қыркүйектің 1-нен 15-не шегерілді.

Қыркүйектің 15-не дейін жеңілдік алуға құқылы азаматтар, яғни зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, студенттер мен оқушылар арнайы төлем картасын вокзал ықшам ауданы және Владимирский көшесінің бойында орналасқан жылы аялдамалардан ала алады. Жалпы, «СмартҚала» жол жүру карталары «RK-tel» ұялы телефон дүкендері желісі мен маршрут диспетчерлері, жылы аялдамалар және автобус жолсеріктерінде сатылатынын қаперге береміз!

«Смарт-Атырау» КММ басшысы Әділбек Таңкиевтің айтуынша, соңғы 5 күннің ішінде 30 мыңға жуық төлем картасы сатылған.

— Бүгінде төлем картасының саудасы қызып тұр. Қазіргі таңда сату нүктелеріне тағы да 30 мыңнан астам карточкалар әкелінді. Жалпы, жолақысын төлем карточкамен қабылдау қыркүйектің 15-нен басталатынын хабарлаймыз! Себебі, жаз маусымында өзге қалалардан келетін студенттер мен оқушылар 1 қыркүйекте төлем карточкасын жасатып үлгермейді. Халықтың осы сұранысын ескере отырып, 15 күнге шегердік, — деді ол.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button