Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 137 жас кәсіпкердің жобасы мақұлданды

Наурыз айынан бері жеңілдетілген несие бойынша 145 үміткердің бизнес жобасы қаралған. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Бизнес жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының 8 отырысы өткізіліп, 145 құжат қаралды. Комиссия шешімімен 137 адамның бизнес жобалары мақұлданды. Және екі адамның алынған несиелері бойынша сатып алынатын құрал- жабдықтарының тізіміне өзгерістер енгізіліп, келісілді. 6 құжат бойынша несие беруге комиссия мүшелерімен бас тартылды. Есепті кезеңге 83 адам 93 займ бойынша 387,2 млн. теңгеге ауыл шаруашылығын дамытуға және сервистік қызметтер көрсетуге микрокредиттерді алды. Олардың ішінен 65-і ауыл шаруашылығын дамытуға, сервистік қызметтер үшін 18 микрокредит және т.б. бағыттарға берілді, — деді А.Мәмбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, бастапқыда шағын несиені 136 адамға беру көзделген. Кейіннен өтінім берушілердің белсенділігіне қарай жоспарға өзгеріс енгізілген.

-Бастапқыда облыс бойынша 136 жасқа 680 млн. теңге көлемінде микрокредит беру жоспарланды. Әйтсе де, облыс жастары құзығушылық танытып, сұраныстар көп түсуіне байланысты Еңбек министрлігіне қосымша ұсыныс жолданды. Нәтижесінде, 50 адамға микрокредит беру үшін тағы да қаржы бөлінді. Сондықтан кәсіп бастаймын деген жастар үшін шағын несиеге құжат қабылдау жалғасады, — деді А.Мәмбетов.

Шағын несиелер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейінгі аралықта 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады.

Еске сала кетейік, несие алуға өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облыстық филиалында қабылданады. Мекенжайы: Атырау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 13 а. Байланыс телефоны: 8-701-006-16-46.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button