Жаңалықтар
Атырауда 12 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды
Атырауда 23 қаңтардан бастап атыраулық 12 191 шетелдік көлік иелері темір тұлпарларына мемлекеттік мемлекеттік нөмір алды.
«Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарынан бастап іске асып келеді. Атырауда 12 191 адам мемлекеттік нөмер алды. Оның ішінде, 5253-і Ресей Федерациясы, 6511-і Армения, 1-еуі Белоруссиядан, 115-і Қырғыстан, 41-і Грузия, 1-еуі Дубайдан әкелінген автокөліктер болса, 22 мамырдан бастап атыраулық 269 шетелдік конструктор көлік иелері мемлекеттік нөмірге ие болды», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.