Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауда «109» бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады (+ИНФОГРАФИКА)

Atr.kz/29 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысында қыркүйектен бастап 109 бірыңғай байланыс орталығы толық іске қосылады.

Атырау облысында карантин кезінде сынамалы режимде жұмыс істеген 109 бірыңғай байланыс орталығы 15 қыркүйектен бастап толық іске қосылады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Байланыс орталығы — өңір тұрғындарының әр түрлі сұрағына жауап беретін болады.

Нақтырақ айтқанда, мұнда азаматтар коммуналдық мәселелер, медициналық қызметтер, білім беру және басқа да мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, арыз-шағымдарын айта алады. Облыс әкімі аппараты «Ахуалдық орталығының» басшысы Аманат Табылдиевтің айтуынша, бүгінде 109 бірыңғай байланыс орталығында 29 маман бар.

  • —    Мамандарымыз 15 қыркүйектен бастап толықтай өз жұмыстарын бастайды. Олар облыс тұрғындары мен қонақтарының әр түрлі сұрақтарына, оның ішінде газ, су, электрмен жабдықтау, басқа да мәселелер бойынша  халыққа көмегін тигізеді. Осы орайда, айта кеткен жөн байланыс орталығы карантин кезінде халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға, тұрғындармен кері байланыс орнатуға септігін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін орталық қызметкерлері 300 мыңға жуық қоңыраулар қабылдады, — дейді Аманат Табылдиев.

Бұдан бөлек, 109 бірыңғай байланыс орталығы халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуғакедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюға да әсерін тигізеді. Осы мақсатта орталық мамандары тұрғындардың өтініштерін «109» қысқа нөмірі, WhatsApp чат бот, облыс әкімдігінің сайты (өтініштер қабылдау виджеті), 109@scatyrau.kz электронды поштасы және (atyrau109) Telegram чат бот арқылы қабылдайды. Оған қоса, осы жылдың қазан айында 109 бірыңғай байланыс орталығының арнайы мобилді қосымшасы іске қосылмақ. 

  • —    Сондай-ақ, орталық қызметкерлері Instagram, Facebook, Вконтакте және басқа да әлеуметтік желілердегі өтініштер, сұраныстар мен ұсыныстарға мониторинг жүргізеді. Мұндай мониторингті халықпен қарым-қатынастың тағы бір құралы деп санауға болады, — дейді облыс әкімі аппараты «Ахуалдық орталығының» басшысы Аманат Табылдиев.

Өз кезегінде аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов аталған орталықтың маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.  — Тұрғындардың әр өтініші мен сауалы қараусыз қалмауы тиіс. Бұл тұрғыда 109 бірыңғай байланыс орталығы —  жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайтуға септігін тигізеді.

Осы арқылы біз Ел Президенті жүктеп отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын да жүзеге асырамыз. Сондықтан, байланыс орталығының толық іске қосылуын жылдамдатуды тапсырамын,- деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, облыс тұрғындары 109 бірыңғай байланыс орталығының қызметіне тәулік бойы жүгіне алады.

whatsapp image 2020 08 28 at 06.46.01 7
whatsapp image 2020 08 28 at 06.46.01 8
whatsapp image 2020 08 28 at 06.46.01 3
whatsapp image 2020 08 28 at 06.46.01 4

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button