Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 104 жасқа келген қария дауыс берді

Атырау облысында ҚР Президенті сайлауында 104 жастағы қарт адам дауыс берді, деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балзиба Мажитова 1918 жылы дүниеге келген. Қазір 104 жаста. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек етіп, 12 құрсақ көтерген. Ғасырдан асқан шағында 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшектің қызығын көріп отыр.

Қария ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, батасын берді.
-Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді кейінгі жастар қиындық көрмесін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, деді Б.Мажитова.

Атырау облысы бойынша үйден дауыс беруге мүгедектігі бар, науқас және қарт сайлаушылардан барлығы 773 өтініш түскен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button