Атырауда 10 мың тоннадан астам балық ауланып, 80 пайызы экспортталды
«Өткен жылы өңірде 6,5 мың тонна балық ауланса, биыл 10 мың 150 тоннаға жетті. Оның 90%-ы өңделіп, өнімнің 80%-ы экспортталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жалпы, өңірдің күрделі климаттық жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеміз, — деді спикер.
– Бұл салада 26 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді. Атап айтқанда, 24,7 млрд. теңге мал шаруашылығында және 608,1 млн. теңге егін шаруашылығында. Тұщы су тапшылығына қарамастан, ірі қара мал басы 4%-ға (201,9 мың бас), жылқы 9,5%-ға (102,6 мың бас), түйе 3%-ға (36,1 мың бас), қой мен ешкі 2%-ға (787,1 мың бас) артты».
Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.