Атырауда 1 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Атыраулық полицейлер 1968 жылғы жүргізушінің төленбеген 1 млн 152 мың теңгені құрайтын 52 айыппұлы бар екендігін анықтады.
«20 маусым күні сағат патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында маркасы Kia автокөлігін тоқтатып, бұл жағдайды тексеру барысында анықтайды. Аталған факті бойынша 1968 ж.т. басқаруындағы көлік құралы ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, Мақат АПБ-нің арнаулы тұраққа жеткізілді. Жүргізуші түсініктеме беру барысында бұл құқық бұзушылық әрекетін айыппұлдың Сергек камерасы арқылы түскендігін білмейтіндігі, сондай-ақ, шетелдік көліктердің ақпараты Сергек жүйесіне жазылмайды деп ойладым деп түсіндірген», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
Осы ретте, атыраулық полицейлер тұрғындар назарына автокөлік құжаттарының дұрыстығын тексеріп, көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттігін қадағалауды ескертеді.