Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда ​ карантиндік орындар ​ жабылады

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВҚА сілтеме жасап хабарлап отыр.

«Ендігі кезекте карантиндік орындар жабылады. Провизорлық, инфекциялық станционарлар қалады. Эпидемиологиялық ахуалдағы оң өзгеріске байланысты, негізгі күш емханалардағы мобильді топқа түседі.

Бастапқыда құрылған 61 мобильдік бригада саны қазіргі уақытта ​ 77-ге дейін өсті. Мобильді топтың саны алдағы уақытта толыға түседі» деп атап​ өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, Атырауда пандемиямен күреске 2000-нан астам медициналық қызметкер жұмылдырылды. Сонымен бірге, жақында ғана Атыраудың медицина саласы 55 жас маманмен толықты. Бұған дейін 120 жас маманның жергілікті денсаулық сақтау саласына тартылатынын хабарлаған едік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button