Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда энергетиктер марапатталды

Желтоқсан айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Энергетиктер күнінде Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин бір топ сала қызметкерлерін марапаттады.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атырау қаласының әкімі табиғи сипаттағы төтенше жағдай орын алуына байланысты қаладағы коммуналдық мекемелердің қызметкерлері тарапынан көмек көрсету мен жедел шараларды жүзеге асыруға сүбелі үлес қосқан Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Атырау Жарық» Акционерлік қоғамы, «КазТрансОйл» Акционерлік қоғамы және «ЭКО-САФ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерін марапаттады.

«Тәуелсіздік күні және желтоқсан айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Энергетиктер күніне орай қалада орын алған апатты жағдайларды қалпына келтіру жұмыстарына белсенділік танытып, уақытпен санаспай атқарған қызметтеріңізге облыс әкімі Серік Жамбылұлының және өзімнің атымнан зор алғысымызды білдіреміз! Қаланы жылумен, сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадыңыздар. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде табыс тілеймін», — деді қала әкімі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button