Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атырау «жасыл қалаға» айнала ма?

Маңыздылығы артып отырған «жасылдандыру жұмыстарын» өмірлік ұстаным қылып, аймақ экологиясын жақсарту жайын үнемі естен шығармайтын адамдар бар. Солардың бірі – «Атамекен Эко» қоғамдық қорының директоры Арман Хайруллин. Ол біраз жылдан бері облыста «жасыл белдеуді» көбейтуге қатысты келелі мәселе көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынып келеді. Жуырда біз табиғат жанашырына жолығып, қолға алған жұмыстарының жүру барысымен таныстық.

– Мемлекет басшысы аймақтарды жасыл желекке бөлеу жайын бірнеше жерде арнайы талқылады. Нақты тапсырмалар берді. Бұл игі іс көп болып көңіл бөлер, жұмыла жүріп қолға алар маңызды әрекет екенін баса айтты. Біздің өңірде осы тапсырманы іске асыруға мүмкіндік бар ма?

– Иә, бүгінде қай-қай аймақта да талкөшеттер отырғызуға мейлінше көңіл бөлініп отыр. Соған байланысты облыс әкімі ірі 4 мұнай компаниясына қала сыртынан 5 мың гектардай жер бөліп, «жасыл белдеу» жасауға тапсырма берді. Табиғат жанашыры ретінде әрине, қолға алынған шараларды құптаймын. Дегенмен, біз жергілікті климаттық ерекшеліктерді ескеруіміз керек. Ең алдымен, егілер орманды суаруға кететін мүмкіндікті қадағалау қажет. Егер 1 гектарда буланатын су мөлшері 10 текше метр деп алсақ, онда 5 мың гектар жерде 50 млн. текше метр су тек табиғи булануға кетеді. Өйткені, біздің өңірде күн ыстық, осы себепті булану процесі де ұзақ жүреді.

– Сонда сіздің ойыңызша көп су текке кетіп, шығын көбейеді екен ғой?

 – Солай десе де болады. Өйткені, мұның сыртында өскіндердің тамырына жіберілетін ылғал мөлшері және бар. Сондықтан, қолға алған игі шара Атырау үшін пайдасынан гөрі зиянын көбірек тигізуі ықтимал. Ал, орман алқабы отырғызылды делік. Сонда, әрбір ересек талдың саясы мен ықтасынының аумағы екі-үш метрден аспайтынын есептесек, орман массивінің пайдалы ареалы 500 метр ғана болады. Сондықтан, жасыл желекті, меніңше, қаланың ішіне көбірек отырғызған жөн. Сонымен қатар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының болжамы бойынша қала сыртына егілер жасыл белдеудің 1 гектарына ағаш отырғызу үшін 10 млн. теңге жұмсалады екен. Сонда 5 мың гектарға 50 млрд. теңге қаражат жұмсалмақ па? Меніңше, осы қаржыны қала ішін көгалдандыруға, шаһар ішіндегі өзге де проблемаларды шешуге жұмсау қажет тәрізді.

– Ал қала аумағындағы ең негізгі экологиялық проблемалар қандай?

– Бүгінде Атырау үшін ең басты проблемалардың бірі – жерасты суы. Жыл өткен сайын қала аумағындағы жерасты суының деңгейі көтеріліп келеді. Өйткені, көп қабатты тұрғын үйлерге қарағанда жеке тұрғын үйлердің үлесі басым. Оның көпшілігі кәріз суын жер астына ағызып отыр. Яғни, олардың гидроизоляциясы (оқшаулануы) жоқ. Топырақ асты ылғалы деңгейінің көтерілуіне себеп сол. Мысалы, мен тұратын «Балауса» шағынауданында 2014 жылы жерасты суы 2,5 метрден шыққан болса, қазір 2 метрден шығады. Ал, жер қыртысының сазды топырақ екенін ескерсек, оның сіңімділігі өте төмен болатынын ұмытпаған жөн. Сонда қазір Жайық өзеніне құйылып жатқан лас су топырақ құрамы арқылы сүзіліп өтіп, жерасты суын да ластап жатыр.

– Иә, кәріз суларының өзенге құйып жатқанын дәлелдегеніңізді жұртшылық біледі. Енді мәселені жоюдың қандай амалы бар?

– Проблеманы жоюдың бірден-бір амалы – жеке тұрғын үйлерге жаппай кәріздік құбырлар жүргізу. Бұған қыруар қаржы қажет. Мәселен, құбыр жүргізу жұмыстарына ден қойған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тек 11 көшенің өзіне жұмсалатын қаражат көлемін 3,5 млрд. теңге деп есептеген. Әрине, қымбат. Бірақ кәріз жүйелері жүргізілсе, онда жерасты суының деңгейі реттелер еді.

– Ағаш отырғызудың әр өңірге қатысты өз тәсілі бола ма? Атырауда егілген ағаштың жыл өтпей жатып солып қалуының сыры неде?

– Топырақ ерекшелігіне байланысты ағаш отырғызу технологиясы да әр алуан болады. Тұзы мол топыраққа табан тірегендіктен біздің өңірде дренаж жүйесімен ағаш отырғызу әдісі жиі қолданылады. Өздеріңіз білесіздер, ағаш тамыры ең көбі 2,5 метрге таралады. Сондықтан, жас өскінді отырғызарда оның тамыр түсер табанына инертті топырақ төсеу керек. Яғни, ол жерге қайыршақтас (ПГС) салынады. Осындай әдіс қолданылғанда ғана ағаш тамырлары тереңдегі тұзданған жерасты суын сормайды. Сосын тамыр жабар топыраққа құнар беретін қоспалар, малдың күбірі мен қиын араластырған абзал. Мүмкіндік болса, органикалық тыңайтқыштармен өңдеу керек. Сол кезде өсімдіктердің шығуы және жерсінуі жақсарады.

– Атырауда жасыл желектің аз болуы да жерасты суының құрамындағы тұз мөлшерінің молдығынан ба? Неге біздің қалада көгал жоқ?

– Бұл біріншіден, жерасты суы құрамында тұздың басым болуынан, екіншіден – суару жүйелерінің жоқтығы. ХХІ ғасырда мұнайлы астананың бетке ұстар көшелерінде дөңкиген су тасығыш көліктерінің тұруы маған өте ұят нәрсе сияқты көрінеді. Сондықтан, суару жүйелерін бір ізге салып, осы проблеманы шешуге мейлінше ден қоюымыз керек. Әрине, қазір де көгалдандыру мәселесіне мүмкіндігінше көңіл бөлініп отыр. Негізгі бірер көшеге өзен суын жинайтын станциялардың орнатылғаны құптарлық дүние. Осы жүйе қаладағы қосалқы көшелерге де жүргізілсе, жержерде жасыл желек жайқалар еді. Одан қалды, осы жүйемен әр аулаға Жайық суы жеткізілсе, қандай керемет. Себебі, өзеннен тікелей тартылған судың бойында хлор болмайды. Ол өсімдіктің еркін өсіп-жетілуіне септігін тигізеді.

– Бүгінгі күні қаланың әр жерінде жаңа саябақтар ашылуда. Осы істің ұйытқысы ретінде ел сізді біледі.

– Қаланың ішіндегі жасыл өскіндерді көбейту, халық демалатын алаңдар ашу мақсатында біз өткен жылдары қала әкімінен Владимирский көшесінде орналасқан бұрынғы жұқпалы аурулар ауруханасының орнын сұрағанбыз. Себебі, 200-ге тарта ағаш өсіп тұрған өзен жағасындағы әдемі алаңқай еді. Демалыс орнын ашуға жартылай дайын болатын. Өкінішке орай, әкімшілік тарапынан ұсыныс қанағаттандырылмай, ол жер басқа мақсаттарда пайдалануға беріліп кетті. Қ а л а б а с ш ы л ы ғ ы н а Қ а й р ат О р а з б а е в ке л ге н с о ң ш а һ а рд ы к ө г а л д а н д ы ру ж ө н і н д е г і т ү рл і идеяларымызды түсіндірдік. Бұл жолы ол азамат бізге қолдау білдіріп, Жайық бойынан көгалдандыру және абаттандыру мақсатында жер бөлуге уәде берді. Осылайша, былтыр қала әкімшілігі Балықшы кенті жағалауындағы жеке тұрғын үйлер салуға берілгелі тұрған аумақты біздің өтінішіміз бойынша қайта қарап, 2 гектар жерді халық демалатын саябаққа айналдыруға келісімін берді. Былтыр осы жағалауды өңдеп, алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы тәрізді жеміс ағаштарымен қоса, үйеңкі, қайың, жидек, арша, топинамбур секілді саясы мол желектер отырғыздық. Жұртшылықпен ақылдаса келе ол жерге «Отбасы саябағы» деген атау бердік. Төңіректі қоршау, техникалармен қамтамасыз ету тәрізді ауқымды жұмыстарды жүргізуде бізге белгілі кәсіпкер Махмуд Мерәлиев демеушілік жасады. Осылайша, бастапқы жылы егілген 850 түп ағаштың 85 пайызы жерсініп, биыл қайта жапырақ жая бастады.

– Байқауымызша, ағаш отырғызу жұмыстары биыл да қарқынды жүрген тәрізді?

– Иә, жасыл желек егу жұмыстары б и ы л д а ж а л ғ а с т ы . « О т б а с ы саябағына» қосымша 500-ге жуық жас өскін жерсіндірілді. Бұған қоса, қала әкімшілігі халық игілігіне биыл Жұмыскер ауылынан тағы 2,2 гектар жер бөліп, ол алаңға да 1500- дей жеміс ағаштары отырғызылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Алатау баурайынан алдыртылған жас шыбықтарды отырғызуда қала халқы белсенділік танытып, бір аптаның ішінде кең алқап көз қуантар «жасыл белдеуге» айналды. Жаңадан пайда болған бұл демалыс орнын «Ботаникалық саябақ» деп атадық. Болашақта осы саябақ ішінен «Қысқы бақ» ашу да жоспарда бар. Енді осыны күтіп-баптау жұмыстарын қолға аламыз. Ал, осы игі бастамалардың ұйытқысы болып жүрген «Атамекен Эко» қоғамдық қорының негізгі мақсаты – ұрпаққа «жасыл қала» қалдыру. Табиғатты таза күйінде сақтасақ, келешекке қалдырар асыл мұрамыз да сол болмақ.

– Сіз көптен бері экологиялық қасиеті мол топинамбур өсімдігін д ә р і п т е п ж ү р с і з . О н ы ң ө з г е өсімдіктерден қандай ерекшелігі бар?

– Жаңадан салынған саябақтарда молынан егілген бұл өсімдіктің қоршаған ортаға да, жалпы адамзатқа да тигізер септігі орасан зор. Көпшілік топинамбурдың бірнеше ерекшелігі барын біле бермеуі мүмкін. Біріншіден, топинамбур қоршаған ортаға орман ағаштарынан екі есе көп оттегі бөледі. Мысалы, бір гектар аумақтағы орман жылына 3-4 тонна көмірқышқыл газын жұтса, бұл өсімдіктің 6 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп алатын қасиеті бар. Екіншіден, бұл өсімдікте фотосинтез қарқыны өзге жапырақтыларға қарағанда он есе жоғары екені даусыз. Үшіншіден, топинамбур өсірілген аумақта топырақтың құнарлығы 70-90 процентке артады. Жалпы, топинамбур – бір жылда қоршаған ортаға оттегі бөлетін өсімдік. Одан инулин, фруктоза, глюкоза, медицинадағы әртүрлі биологиялық белсенді заттарды, сондай-ақ кондитерге қажетті қоспалардың барлығын алуға болады. Бұл өсімдіктің құрамындағы калий, магний элементтері қан қысымы және жүрегі ауыратындарға қолданылып жүрген препараттарды толық алмастырады. Сонымен қатар, ол адам ағзасындағы холестерол деңгейін төмендетеді. Ас қорыту жүйесін реттейді, иммунитетті күшейтеді. Қан қысымын қалыпқа келтіреді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан: Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button