1601482870 news b

Атырау «жасыл аймақта»: Өткен тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды

Жаңалықтар
5 / 100


Атырау облысында өткен тәулікте 30 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 15 жұмысшыдан,  Индер  ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.


 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 44  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 208 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  72
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 23, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 288 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, бесінші күн- Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған