Атырау тұрғындарынан полициядан тартып алған автоматтар тәркіленуде
Атырау облысында үш адам жаппай тәртіпсіздік кезінде полицияның жоғалған үш қаруын өз еркімен тапсырса, бір адамнан полиция қызметкерінен тартып алынған Калашников автоматы тәркіленді.
– Төтенше жағдай кезінде жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде блокпостан өтпек болған көліктен 10-нан астам аңшы пышағы, Атырау қаласының аумағында 5 адамнан 896 таблетка түріндегі, 236 ампула түріндегі, 150 түтікке салынған уыттылық әсері жоғары психотроптық дәрілер мен 2 тапанша тәркіленді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бұзақының бірі – бұрын әсері жоғары психотропты дәрілерді заңсыз сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 1997 жылы туған жігіттің үйін тінту кезінде әскерилердің оқ өткізбейтін үш бронды жилеті табылды. Ал жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталған 1991 жылы туған күдіктінің үйінен атыс қаруы табылды. Сондай-ақ, 3 азамат өз еркімен қақтығыс кезінде полицияның жоғалған 3 қаруын (3-форд-500 м) тапсырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде 1 адамнан полиция қызметкерінен тартып алынған 1 Калашников автоматы тәркіленді. Ал 3 адам 20 оқ-дәріні өз екрімен әкеліп берді, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.