
Жаңалықтар
Атырау тұрғындарына ескерту: Ертең жарық уақытша сөнеді
25 сәуірден 30 сәуірге дейінгі аралықта Атырау жылу электр орталығына газ берудің уақытша тоқтатылуына байланысты, Атырау қаласы мен облыс тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету мақсатында 24 сәуір күні сағат 04:00-ден 06:00-ге дейін (шамамен 20 минут уақытқа) электр энергиясын ауыстырып, қайта қосу жұмыстары жүргізіледі.
Аталған жұмыстар Атырау қаласының оң жақ жағалауындағы барлық тұтынушыны, сол жақ жағалаудың Ширина ауылынан Дамба ауылына дейінгі бөлігін, сондай-ақ Исатай және Құрманғазы аудандарының, соның ішінде Құрманғазы ауылын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
Бек АЙДАРӘЛИ