Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау толқындары» жобасы таныстырылды

Атырау облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының ұйымдастыруымен, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарының Букмейт технологиялық платформасына орналастыру үшін жасақталған «Атырау толқындары» жобасының таныстырылымы өтті.

72c1fc1f 73e3 4ade b78a 829cd57bdfba

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби шығармалардың оқылым санын кеңейту, алыс-жақын шетелдердегі қандастардың қазақ тіліндегі әдеби туындылармен танысуына тиімді жағдай жасау.

8f4cfca6 6646 4738 9959 7c2acb66e314

— Тыңдаушылар «Яндекскітап» қосымшасын жүктеу арқылы 2024 жылға жоспарланған 30 кітаптың алғашқы 15-ін таңдауға болады,-дейді жоба жетекшісі, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының төрағасы Әлия Дәулетбаева.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button