Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау «сары» аймаққа өтті

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 23 науқас анықталды. 

 Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 21 жағдайы расталды, ал 1 науқас — Исатай ауданында, 1 науқас Махамбет ауданында анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 9 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 14 адамда ауру белгілері жоқ.

 Өткен тәулікте облыста коронавирустан 421 адам емделгенін айта кетейік. Қазір 2 865 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада — 15, модульдік ауруханада — 100 фтизиопульманологиялық орталықта — 39, аудандық инфекциялық стационарларда — 51. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 1 науқас ем алып жатыр.

 Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймаққа өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button