Жаңалықтар
«Атырау-Сарайшық-Махамбет» тас жолы ашылды
«Атырау-Орал» тас жолының 5-67 шақырымында жол қозғалысы ашылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб хабарлады.
Бүгін, 19 маусым сағат 18:00-де «Атырау-Орал» автожолының 5-67 шақырымы аралығында (Атырау қаласы — Махамбет ауылы учаскесі) жеңіл және жолаушылар автокөліктері үшін жол қозғалысы ашылды.
Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев автокөлік иелері осы жолмен сақтық шараларын қамти отырып, өтуге болатынын атап айтты.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ