Жаңалықтар
Атырау қаласының оң жақ жағалау бөлігінен кәріз тазарту ғимараты салынбақ
Бұл туралы Атырау қаласының әкімі М.Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ол үшін 21,2 миллиард теңгенің жобалау-сметалық құжаты жасақталған. Жұмыстарды іске асыратын мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық электронды конкурсқа тапсырыс берілген. Конкурс қорытындысы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме «Павлодарский речной порт» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып отыр.
-Мердігер мекемемен арада өндірістік жұмыстардың тізбесі бекітіліп, кестеге сай шаралар атқарылып, жұмыстар жалғасуда. Ол үшін биыл республикалық және жергілікті бюджеттен 6,8 миллиард теңге қаражат бөлінді,- деді М.Қалауи.