Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі жеңімпаздарды қабылдады

Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин Әлем және Азия чемпионатарының жеңімпаздарын қабылдап, жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

— Бүгінде облыс және қала басшылығы тарапынан салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, спортқа тиісінше жағдай жасалып келеді. Осы орайда 6 құрлық, 63 мемлекеттен 862 спортшы қатысқан Әлем чемпионатында 60-тың биігінде топ жарып, Азия чемпионатында байрағымызды көкке көтерген спортшыларымызды Атырау халқы мақтанышпен айтады, деді қала әкімі.

666666666666666

Марапатталғандардың қатарында Атырау облысының бокстан жасөспірімдер Аға жаттықтырушысы Азамат Байдуллиев, Атырау облысының бокстан кіші-жасөспірімдер жаттықтырушысы Айбек Нсанбаев, ҚР Чемпионы, 2023 жылғы Азия чемпионы Жандос Алпысбаев, Самбо күресінен халықаралық спорт шебері Марал Кошенов, Дзюдо күресінен ҚР Спорт шебері Дастан Бақтыбай, Дзюдо, қазақ, самбо күресінен халықаралық спорт шебері Наурызбек Майлашев, ҚР Спорт шебері Бүркіт Орынбасаров, Дзюдо күресінен ҚР Спорт шебері Әбіл Мейрам, Дзюдо, Самбо күресінен ҚР спорт шебері Мейрамбек Есмаганбетов болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button