Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі ескерткіш маңында көгершіндерге нан қалдығын шашпауға шақырды

Атырау қаласындағы ұлт зиялысы, еліміздің тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ескерткішінің басына көгершіндер қонып, құстардың мекеніне айналған. «Арнаулы автобаза» қызметкерлері қажетті тазалық жұмыстарын жүргізгенмен, бұрынғы қалпына қайта түсуде.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін өзінің әлеуметтік желісінде айтты.

«Осы мәселені шешу үшін учаскелік полиция, «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы және жауапты бөлім басшыларымен бірге аталған орынға барып қайттым. Расымен, тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, қайтадан қоректенуге келген құстардың саңғырығынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес, антисанитарлық жағдай десек артық болмас. Осы мақсатта қала тұрғындарына бұл жерге келіп құстарды қоректендірмеуге ұсыныс білдіремін әрі арнайы хабарландыру жазылып, таратылатын болады. Өмірден өткен Ұлы тұлғаларға ескерткіш орнату – еліміздің тарихын, елдігімізді білдіреді. Осыған байланысты полиция басшылығына алдағы уақытта көгершіндерге тамақ қалдығын тастаған азаматтар мен азаматшыларға абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін құқық бұзушылық талаптарына сай шара қолдануды тапсырдым.

Әрине, көгершін — бейбітшілік символы екені сөзсіз. Бірақ, бүгінгі ескерткіш басындағы көрініс бұл түсінікке сай келмейді. Қазақтың маңдайына біткен нар тұлғамыз, өмірге екі келмейтін ағамыздың ескерткішіне сыйластықпен қарап, тұрғындар менің ұсынысымды қолдайды деп есептеймін. Осы мақсатта қала тұрғындарын бұл жерге келіп, көгершіндерге нан қалдықтары мен басқа да тағамдарды тастамауға шақырамын!», — деді қала әкімі Шәкір Кейкін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button