Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау қаласының әкімі биыл қай ауылдарға жол салынатынын айтты

Биыл Атырау қаласы және қала аумағындағы 145 көшеге автокөлік жолдары салынады.

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«2020 жылы жалпы ұзындығы 49,5 шақырымды құрайтын 77 көшеге автокөлік жолдары салынды. Оның ішінде Жаңаталап ауылындағы автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

2021 жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 145 көшесіне автокөлік жолдарының құрылысы жоспарлануда.

img 20210212 wa0033

Және жол кептелісін болдырмау мақсатында 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары басталып, 2020 жылы жоспардағы 11 көшенің 5 көшесіне  жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров көшелерінің автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы жалпы ұзындығы 5,6 шақырым (Әуэзов көшесі жалпы ұзындығы-2,84 км, Канцев көшесі жалпы ұзындығы-1,26 км, Балықшы ауданынан Зарослый ауылына дейін,шамамен жалпы ұзындығы-1,5 км) автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда» деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Атап өту керек, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Related Articles

One Comment

  1. Жаксы гой; бирак Балауса ы/а 24 кошесинде али кунге дейін асфальт жол жок. Неге сол салынбаган кошелерди битирмеске? Жанбырлы куни балшыктан коз ашпаймыз маскара гой бул!!!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button