Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қаласында жабысқақ лента шығаратын зауыт салынады  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың ҚХР-ның жұмыс сапары барысында атыраулық Eurasia packing materials компаниясы мен қытайлық Sheniyang Tiantianyuan мaterials Co зауыты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Нәтижесінде қос компания бірлесіп Атырауда жабысқақ лента (скотч) шығаратын зауыт салу туралы келісімге келді. Жоспар бойынша биыл жобалау жұмыстары қолға алынады. Ал құрылысы келер жылы басталмақ. 

img 8183

Жобаның басты ерекшелігі – шикізат ретінде Атырау мұнай-химия кластеріндегі кәсіпорындар өндірген жергілікті компоненттер пайдаланылады. Бұл тұрақты шикізат базасын қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті төмендетіп, өнімнің локализация деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Атырау облысында іске асатын бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып , өңірдің индустриялық базасын кеңейтіп, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтады. 

img 8186

Сонымен қатар  Атырау өкілдері мұнай-химия саласында жұмыс істейтін 3 кешеннің жұмысымен танысты. Олар:

— Huajin Aramco Petrochemical

— Bora Lyondell Bassell Petrochemical

— Hengli Petrochemical 

Мұнда шикізат та, одан туындайтын дайын өнім де бір кешеннен шығады, яғни, шикізаттан дайын өнімге дейін барлық процесс бір алаңда шоғырланған. Автоматтандыру жүйесі мен өндірісте қолданатын озық технология осы кәсіпорындарда қолданылады. 

Облыс әкімі Серік Шәпкенов бұл тәжірибені Атырауда енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұнай-химия өнімдерін терең өңдеу, автоматтандыру және дайын өнімді өзімізде шығару  өңірдің индустриялық дамуының жаңа бағыты болмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button