Атырау қаласында үш ауысымдық оқу мәселесі қалай шешілуде? (+ВИДЕО)
Atr.kz/1 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау қаласындағы үш ауысымдық оқу мәселесін шешу мақсатында 4 мектепте жиынтық сыйымдылығы бір жаңа мектепппен бара-бар әрқайсысы 1 ауысымына 120 балаға қарастырылған қосымша жабдықталған арнайы жапсаржайлар салынды.
Бұл ретте, мектептердің қалыптасқан инфрақұрылымы қолданылады және қазіргі уақытта дайын педагогикалық қызметкерлер құрамы бар. Бұл қала мектептерінің сиымдылығын кеңейтуде тиімді әрі жедел шешім болып табылады. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, бүгінгі күні нысан құрылысы аяқталуда.Әр жапсаржайдың жалпы ауданы 900ш.м., келісім-шарт бойынша бағасы 180,0 млн. теңге.
Жаңа оқу жылында қаланың ықшам аудандарында тағы 3 мектеп ашылады. Атап айтар болсақ, әр қайсысы 1 ауысымға есептелген Самал ықшам ауданындағы 600 орынды, Береке ықшам аудынындағы 1200 орынды және Жұмыскер ықшам ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы 300 орынды мектеп құрылысы аяқталуы жақын. Жалпы екі ауысымдық оқу кезінде қала мектептері қосымша 5160 баланы оқыту мүмкіндігін алады.
Жаңа оқу нысандарының құрылысынан бөлек, қаланың негізгі мектептеріне асханалар орнату мақсатында қосымша жапсаржайлар салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта екі нысанның құрылыс аяқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы құрылысы 2015 жылы басталған 4 мектептің проблемалық жапсаржайларының құрылысы аяқталады деп күтілуде.Бұл, 4 мектеп асханаларында құрал жабдықпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда.
Жалпы жаңа 2020-2021 оқу жылында қалада 63 білім беру нысандары қызмет етеді. Жоғарыдағы аталған құрылыс нысандары бойынша қала әкімдігі үнемі құрылыс сапасына тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Тексеріс кезінде ауқымды кемшіліктер анықталған жоқ, алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар жаңа мектептердің сапасына өздері көз жеткізе алады.
Сонымен қатар, қала әкімінің жетекшілік етуімен құрылған жұмыс тобымен мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына зерделеу жүргізілді. Зерделеу кезінде №7 мектеп (мердігер «Бағалы-Алакөл» ЖШС-іне) және М.Бекмұхамбетов атындағы мектеп (мердігер «Декор»ЖШС-і) құрылыстарының жұмыс мерзімі мен сапасы, талаптарды сақтау бойынша қатаң ескертулер берілді.