Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау қаласында дезинфекция жұмыстарына 200-ден астам адам жұмылдырылды

Аtr.kz/19 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласында дезинфекция жұмыстарымен үш мекеме мен арнайы әскери жасақтың жеке құрамы айналысып жатыр, -деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Қала басшысының айтуынша, карантин режимі енгізілгеннен бастап қалада жаяу жүргіншілер мен автомобиль жолдары, сонымен қатар, қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстары қарқын алды. 

—    Бүгінде мекемелерде 86 гидропульт, 6 ауа генераторы және 6 дана тұман генераторы бар. Дезинфекция жұмыстарына «Атырау облыстық дезинфекция», «AG Disinfection Services» және «Prof Dez Centre» мекемелері, «Батыс» әскери қолбасшылығы мен арнайы әскери жиынға шақырылғандарды қоса алғанда 205 қызметкер жұмылдырылды, — деді Қайрат Оразбаев. 

Айта кетейік, дезинфекция жұмыстарына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен арнайы әскерге шақыртылғандар атсалысып, 1188 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен балалар ойын алаңдары және подъезд ішіне дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zharyq-sone-me/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button