Жаңалықтар
Атырау қаласы Мәслихатының хабарламасы!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, кезектен тыс ХХІХ (29) сессиясы шақырылады.
Өтетін уақыты: 2022 жылдың қазан айының 28 күні сағат 10:00 – де.
Өткізілетін орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі №77а, Мәслихат аппараты.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- «Атырау облысы Су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2021 жылы мен 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы».
- «2021 және 2022 жылдың 9 айында Атырау қаласы аумағында экологиялық талаптардың сақталуы мен қоршаған ортаның қорғалуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы».
- Қала Мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №130 «2022-2024 жылдарға арналған Атырау қаласына қарасты ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Әртүрлі мәселелер.
Атырау қаласының Мәслихаты