Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бұл лауазымға Тілек Махуов қабылданды, — деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған. 1999 жыл Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Мұнай және газ кәсіпшілік мәшинелері мен жабдықтары» мамандығын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс пен қала шаруашылығы» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1999 жылдан «Болат-Жол» АҚ жұмысшы болып бастаған. 2004 жылдан бастап әр жылдары мемлекеттік қызметте, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, Индер аудандық, Атырау қаласының «Қалакөркемдеу» КМК жоспарлау және құрылыс бөлімінің басшысы, «ТМ Проект Строй» ЖШС бас инженері қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар республика Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаменті Күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласындағы «Аутсорсинг-Кадры», «BI-Development» серіктестіктерде прораб, жетекші маманы, Атырау облысы Жылой ауданы құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, «БатысҚұрылысИнвест» ЖШС атқарушы директоры лауазымындарында еңбек етті.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болды.