Жаңалықтар

Атырау қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін, 11 қыркүйекте Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Айбек Қадырәлиев тағайындалды.

Айбек Сәрсенбайұлы 1980 жылы Атырау облысында туған. 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін аяқтап, «заңгер» мамандығын, 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінен «Жерге орналастыру» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Құрманғазы аудандық судан құтқару стансасында жұмысшы болып бастаған.

Еңбек жолы 2006 жылы мемлекеттік қызмет басталды. Әр жылдары Атырау қалалық мамандандырылған сотында, Атырау облыстық Әділет департаментінің жылжымайтын мүлік құқықтарды тіркеу бөлімінде, Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданы Әділет басқармасы бастығы, Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында бөлім бастығы, Атырау қалалық Әділет басқармасының басшысы, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымында және Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушы қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

Айта кету керек, бұрын бұл қызметті атқарған Самат Емберген Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне ауысқан болатын.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button