Атырау қалалық әкімдігі ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА жасады
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.
«Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңының 29-бабына сәйкес, «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ: — ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған; — Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтауға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлік көшірмесі (өзінің, жолдасының);2. Балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі (және 16-ға толған баласы болса жеке куәлік көшірмесі қоса тапсырылады);3. Неке қию туралы куәлік көшірмесі (ажырасқан не қайтқан жағдайда дәлелдейтін құжат көшірмесі); 4. Балаларының неке қию туралы куәліктерінің көшірмесі (егер балалары тегін ауыстарған жағдайда);5. Ананың жұмыс орнынан анықтама (жұмысы болған жағдайда).
ҰСЫНЫЛҒАН БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІМЕН ҚОСА ТҰПНҰСҚАЛАРЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ!
Құжаттар төмендегі мекен-жайда қабылданады: Атырау қ., Айтеке би көшесі, 77А, Атырау қалалық әкімдігінің ғимараты.
Телефон нөмері: 8 (7122) 270947
Құжаттар қабылдау уақыты: Дүйсенбі – Жұма сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс уақыты 13.00- 14.30)
Фото: Расул Серіков
Менің анам Адилова Зейнеш батыр ана,үкіметтен бір көмек алған емес әкем осыдан 5жыл бұрын инсульт алып о дүниелік болды.Біщ Атырау облысына қарасты Разеъзд 496да тұрдық.2019жылы желтоқсан айында Жұлдыз мөлтек ауданындағы 5қатарлв үйге көшірді.Ол үй тар 2бөлмелі онда анам,ағам,інім тұрып жатыр мен пәтер жалдап жүрмін бала шағаммен мойнымда кредитім бар,анамның 2007жылғы жерге кезекке тұрған еді 10жылдан кетті әлі бермеді сізден сұрайтыным анамның жерін немесе 1бөлмелі пәтәр беруіңізді сұраймын.Осы шағымымды қанағатсыз қалдырмауыңызды сұраймын.Анамда кеңес одағынан алған алқаларыда бар,бұрынғы президент Нұрсұлтан Әбішұлының берген алқасыда бар.