Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау-Орал» тас жолында көлік қозғалысы тоқтады

Жайық өзенінің деңгейі жоғарылауына байланысты 15 мамыр сағат 01:30-да республикалық маңызы бар А-28 «Атырау – Орал» тас жолын су басты, жолдың 56 шақырымындағы қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб хабарлады.

-Махамбет ауылы мен Орал қаласына қатынайтын автокөліктер үшін облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолынан  Ортақшыл ауылындағы көпір арқылы «Атырау – Орал» тас жолына қатынайтын балама жол бар, — делінген штаб таратқан хабарламада.

Айта кету керек, қазір тас жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button