
Жаңалықтар
Атырау өңіріне 1,1 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылды
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баспасөз конференциясында айтты.
Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,7%-ға артық.
Облыс әкімі Серік Шәпкеновтың мәліметінше, оның ішінде сыртқы инвестиция 474 млрд теңге, ішкі инвестиция 665 млрд теңге.
«Жалпы елімізге тартылған жалпы инвестицияның 22,5%-ы – Атырау аймағына тиесілі», — деді спикер ОКҚ алаңында.