Жарнама
Жаңалықтар

Атырау өнімі: Индердегі «Tatti Cakes» кондитерлік цехі күніне 400 дана нан пісіреді

Индер ауданында шағын кәсіпкерлік күннен-күнге даму үстінде. Соның жарқын мысалы — «Tatti Cakes» кондитерлік цехі. Жұмысын тек торт пісіруден бастаған шағын өндіріс бүгінде аудан халқы үшін танымал брендке айналды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

img 1251

Қазір цехта 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын күніне 350-400 данаға дейін нан өнімдерін дайындап, түрлі тәтті бәліш пен торттар, өзге де кондитерлік өнімдерді ұсынады.

-Кәсіптің кеңеюімен қатар екінші сату нүктеміз ашылды. Онда ұн өнімдерінен бөлек тағамдар мен сусындар сатылатын шағын кофеханамыз жұмыс істейді. Бұл жер жастар мен тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналып келеді, — деді «Tatti Cakes» цехінің әкімшісі Динара Төретаева.

img 1252

Айта кетейік, «Tatti Cakes» өз кәсіптерімен айналысып қана қоймай, ауданның әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button