Жарнама
Жаңалықтар

Атырау өнімі: атыраулық отбасы жылына мыңдаған тонна көкөніс өндіреді

2019 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысып келе жатқан «Отбасы» шаруа қожалығы бүгінде Атырау халқын сапалы әрі қолжетімді көкөніспен қамтамасыз етіп отыр,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

gluster 2025 9 15 0a96ef92d5441411863055e4d0610c12 1280x720

Қожалыққа қарасты «Ардагер» жылыжайында жарты гектарға 11,7 мың түп қызанақ, тағы жарты гектарға 12 мың түп қияр егілген.

Дамбы тасжолының бойындағы Зарослый ауылында да 10 гектар егістік пен 1 гектар жылыжай бар. Мұнда қияр, қызанақ, баклажан, шпинат, пекин қырыққабаты, аскөк пен салат жапырақтары және өзге де көкөністер өсіріледі. Ал Махамбет ауданына қарасты Карманов ауылындағы егіс алқабында 60 гектарға сәбіз, қырыққабат, картоп және қызылша отырғызылған.

gluster 2025 9 15 cf336c3ff7dd971102b75008faeb727f 1280x720

«Отбасы» шаруа қожалығы өндірген өнімдер «Dihan» брендімен қаладағы 10 дүкенге жеткізіліп, тұрғындарға тікелей қолжетімді бағамен ұсынылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button