Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

  Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл.  Бүгін, 15 сәуір күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәслихат депутаттарына өз еркімен қызметтен кеткен Бибоз Шаяхметовтың орнына Құрманғазы ауданының жаңа әкімінің кандидаттығын  таныстырды.

Облыс әкімі бұл орынға бұрын Атырау облыстық  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасын басқарған Қайрат Нұртаевты ұсынды.

Нұрлан Ноғаев атап өткендей, жаңа әкім Қайрат Нұртаевтың кандидаттығы Қазақстан Республикасының президент әкімшілігімен келісілген. Депутаттар кандидаттықты қолдап, Нұртаевтың тәжірибелі басшы екенін айтты.

IMG 20190415 WA0029

Кейін, аудан активі жиында облыс әкімі бұрын аталған қызметте болған Бибоз Шаяхметұлына атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдіріп, Қайрат Нұртаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қайрат Нұртаевтың  инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, сондай-ақ,  «экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.

2004 жылдан бастап Атырау облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман қызметін атқарған. 2005 жылдан 2007 жылға дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы болды. 2007 жылдан бастап  Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды.

IMG 20190415 WA0027

2010 жылдан 2017 жылға дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болып, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

«Atr – Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button