Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯЭкономикаҚоғам

Атырау облысының әкімі Жылыой ауданындағы ауылдарды аралады (+ФОТО)

Atr.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ  АУДАНДАҒЫ  ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАП, ӘРТҮРЛІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.  

Алдымен ауылдарды аралап, әр мекеннің өзіне тән мәселесін тыңдады. Әйтсе де, барлық проблемалардың шешу жолдары қарастырылып, қажетті шаралар жоспарға алынған. Аймақ басшысы аралау барысында Қосшағыл және Тұрғызба ауылындағы  спорт кешендерінің құрылысымен танысты.

Сондай-ақ, Жаңа Қаратонда бой көтерген  25 орындық дәрігерлік амбулаторияға барды. Ескі ғимаратқа қосымша салынған корпустың негізгі құрылысы аяқталған. Енді, ішкі жұмыстары толығымен жүргізілген соң, көп кешіктірмей  халық игілігіне беріледі. Аймақ басшысы ары қарай, мектеп, балабақша және өзге де коммуналдық мекемелердің жұмысымен танысты.

Содан соң, аудан орталығындағы «Атырау» деп аталатын жаңа ықшам ауданның құрылыс алаңына барды. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан теміржол вокзалының 500 орындық  жаңа ғимаратын аралады. Мұндағы құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Нысан қолданысқа берілсе, жаңа бағыттағы пойыз легі пайда болуы мүмкін.

Дереккөз: «Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.39
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.32
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.34
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.33
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.35
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.37 1
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.37
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.39 1
whatsapp image 2020 01 22 at 15.47.38

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button