Атырау облысының әкімі Мақат ауданында инвестиция тарту деңгейінің төмендігін сынға алды

0 23 Жаңалықтар

Соңғы жылдары Мақат  ауданына инвестиция тарту деңгейі тұралап қалған.

«Бұл мәселені  Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов
Мақат ауданы әкімінің есеп беру жиынында көтерді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Соңғы   4-5 жылда ауданда «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» шеңберінде бірде-бір инвестициялық жоба жүзеге аспаған.

Осы мақсатта ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті  жан-жақты қолдау, ауданға инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алуды жүктеймін» деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік,  экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту арқылы, өнім өндіру деңгейін арттыру – мемлекет басшылығы басымдық беріп отырған негізгі бағыттың бірі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз